Халықаралық конференция
Астана Биотех
2024
Ұлттық биотехнология орталығының 30 жылдығына орай
2024 жылғы 12-13 қыркүйек
00
Күн
00
Сағат
00
Минут
00
Секунд
конференцияға дейін
конференцияға дейін
Ұлттық биотехнология орталығының 30 жылдығына арналған “Астана Биотех 2024” халықаралық ғылыми конференциясы 2024 жылдың 12-13 қыркүйегінде Астана қаласында өтеді.
Конференцияға Қазақстанның, жақын және алыс шетелдердің ғылыми-зерттеу орталықтары мен институттарының, жоғары оқу орындарының белгілі ғалымдары мен мамандары қатысады.
“Астана Биотех 2024” конференциясы беделді форум болып табылады, оның аясында ғылым, бизнес және білім, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері Қазақстандағы, шетелдегі биотехнология саласындағы озық ғылыми жаңашылдықтармен танысады, сонымен қатар, тікелей байланыс форматында ынтымақтастықты тереңдету мақсатында кешенді шешімдерді әзірлей алады.
Конференция бағдарламасы пленарлық және секциялық отырыстарды, постерлік сессияларды, дөңгелек үстелдерді қарастырады, онда ғалымдар биология, биотехнология және биомедицина саласындағы ғылыми жобаларды ұсынады.
Халықаралық ғылыми конференция аясында “Қазақстанның аймақтық флорасы: әралуандылық, генетика және табиғатты қорғау” атты шағын симпозиум өтеді, оған жетекші биологтар, ботаниктер және генетиктер қатысады.
Конференцияда биотехнология саласындағы жетекші компаниялардың жабдықтары, технологиялары, қызметтері мен мүмкіндіктерінің көрмесі өтеді.
Күтілетін іс-шараның маңызды элементі “Үздік ауызша баяндама” және “Үздік стендтік баяндама” байқауларын өткізу болып табылады. Конференция материалдарының тезистері арнайы жинақта (электронды нұсқада) жарияланады, сондай-ақ конференция сайтына шығарылады.
Өтінімдерді, баяндамалардың тезистерін қабылдау және тіркеу жарнасын төлеу уақыты 2024 жылдың 18 тамызына дейін, қоса алғанда.
ағылшын, қазақ және орысша
күндізгі (онлайн): ауызша баяндамамен, постермен сөз сөйлеу
сырттай: тезис жариялау
бетпе-бет (онлайн) қатысу – 30 000 теңге (65 USD)
студент, магистрант және докторанттар үшін – 15 000 теңге (30 USD)
сырттай қатысу – 10 000 теңге (20 USD)
баяндамасыз, тезисті жарияламай қатысу – 7000 тенге
конференция қатысушысының базалық пакеті, пленарлық, секциялық отырыстарға және постерлік секцияларға қатысу, конференция материалдарының жинағы және кофе-брейктер.
Тіркеу жарнасының құнына гала-кешкі асы қосылмаған.
Гала-кешкі ас құны – 23 000 теңге (50 USD).
Төлем алушы
Астана қ. "Ұлттық биотехнология орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Қорғалжын тас жолы 13/5
БСН 051040004826
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ
БИК HSBKKZKX
КБЕ 17
ЖСК KZ976017111000000664 (теңге)
ЖСК KZ706017111000001053 (USD)
ЖСК KZ45601711100000533 (EUR)
ЖСК KZ756017111000000381 (RUB)
Баяндама тезисінің файл атауын латын транслитерациясын қолдана отырып, бірінші автордың тегін, секция нөмірін көрсете отырып толтыруыңызды сұраймыз (мысалы, Khassenov_3).